Батыс Қазақстан облысында малды жүйелі түрде ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қадағалаушы органның мәліметінше, топ құрамында ветеринар дәрігерлер де болған. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлап, кейін оларды ақпараттық деректер базасы арқылы заңдастыру схемасын пайдаланып сатып отырған.
Қылмыстық топ прокуратураның қатысуымен анықталып, әшкереленген. Ведомство жасырын тергеу әрекеттерін бастап, қажетті процессуалдық нұсқаулар берген.
Барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Прокуратура мәліметінше, олар тергеумен ынтымақтастық орнатқан. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.
