Шымкентте қалалық прокуратураның үйлестіруімен ҰҚКД және ПД қызметкерлері криминалдық ортада «Дядя Ваня» лақап атымен танымал азаматты ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол Ресей азаматына ақша бопсалады деген күдікке ілінген.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің өз бетінше билік етуге қатысты бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құзырлы органдар ұсталған азаматтың басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Қазіргі уақытта жергілікті құзырлы органдардың ресми жауабы күтілуде.