Абай облысында тұрғын мейрамхана маңында оқ атқан

Абай облысында тұрғын мейрамхана маңында оқ атқан
видео кадры

Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

23 қыркүйекте сағат 02:00 шамасында Момышұлы көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің маңында мас күйдегі ер адам тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан.

Полиция қызметкерлері оны жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізген. Ол Семей қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Ер адамға қоғамдық орында мас күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны, тыныштықты бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.