Батыс Қазақстанда ауылдық елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда

Жарбол Кентұлы 17 мам. 2024 19:59 3279

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үй кезегінде тұрған облыстардағы ауылды елді мекендердің тұрғындарын баспанамен қамту басты міндеттердің бірі екенін атап өткен болатын. Осы ретте, Батыс Қазақстан облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда.

2023 жылы Батыс Қазақстанның ауылды елді мекендерінде 105 пәтер пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Ақжайық ауданында – 48пәтер, Қаратөбе ауданында– 12 пәтер, Шыңғырлау ауданында – 45 пәтер.

Бұдан бөлек, республикалық бюджет қаражаты есебінен ауылды жерлерде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қосымша 202 пәтер сатып алынды.

Биыл 2024 жылы БҚО-да кезекте тұрған ауылды елді мекен тұрғындары үшін 6 жалдамалы тұрғын үйді қолданысқа беру және 758 пәтерді сатып алу жоспарлануда.

Нәтижесінде 900-ге жуық отбасы өз баспанасына қол жеткізеді.

Тұрғындарды баспанамен қамту және құрылыс жұмыстары облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тікелей бақылауында.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар