Басынан 19 рет ұрған: Павлодарда ер адам анасының өліміне себеп болды

Басынан 19 рет ұрған: Павлодарда ер адам анасының өліміне себеп болды
gov.kz

Павлодарда ер адам анасын аяусыз соққыға жығып, өліміне себеп болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот мәліметінше, 6 ақпанда таңертең Ребровка ауылының 67 жастағы тұрғыны әмияны мен телефонын таппай, оған 89 жастағы анасын кінәлаған. Арадағы жанжал соңы қатыгездікке ұласып, ер адам анасын жұдырықпен де, түрлі затпен де ұрған.

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде марқұмның басынан кемінде 19 соққы, денесінен 13 соққы анықталған. Ол алған жарақаттарынан көз жұмған.

Айыпталушы кінәсін жартылай мойындап, бұл әрекетін "жүйке күйзелісіне байланысты" деп түсіндірген және қасақана кісі өлтіру ойы болмағанын айтқан. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.