Баспасөз картасын енгізбес бұрын әлемдік тәжірибені зерттеуіміз қажет - Мұхамеджанова

Dalanews 22 ақп. 2023 14:09 715

Бұл туралы белгілі журналист, медиаменеджер Нұржан Мұхамеджанова мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Масс-медиа» туралы заң -  қоғам дамуының жауапты кезеңінде талқыланып жатыр. Біз дәстүрлі медиа мен әлеуметтік желілер және басқа да алуан түрлі медианың дамып жатқан кезінде жақсылап, зерттеп зерделеп алғанымыз дұрыс. Бізде жас журналис болдық, сол кезде  баспасөз картасының бар екенін, оның кәсіби құқық беретінін жиі талқылайтынбыз, - деді ол.

Мұхамеджанованың айтуынша, баспасөз картасын енгізбес бұрын шетелдік тәжірибеге сүйену керек.

Бұл мүмкіндікті енді Ақпарат министрлігі беріп отырғанда біз баспасөз картасын енгізу кедергі болады ойлаймыз. Сол себепті министрлік пен қауымдастық бірге дұрыс сараптама жасай білгені жөн.

Қазіргі таңда министрлікке батыс пен еуропалық тәжірибені жан-жақты зерттеу қажет. Біз тек содан кейін баспасөз картасын енгізіп, кәсіби әрі қажетті құжат жасай аламыз, - деді Нұржан Жалауқызы.

Бұған дейін Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев баспасөз картасын енгізудің қандай артықшылығы бар екенін айтқан болатын.


Баспасөз картасына қатысты әртүрлі түсіндірмелер бар. Баспасөз картасы - журналистердің мүдделерін қорғауға арналған. Әрине, пресс-картаны алудың қажеті жоқ, бірақ кім пресс-картаға ие болса, оның ерекше мәртебесі болмақ. Бұл бірқатар мүмкіндікке жол ашады, оның ішінде елдегі ұйымдар, әсіресе, мемлекеттік ұйымдар қолжетімді болады. Былайша айтқанда,  журналистер үшін белгілі бір пайдасы бар. Бұл картаны бүкіл журналистер міндетті түрде алудың қажеті жоқ. Баспасөз картасын алмақ-ақ қызметін өзгелермен бірге  жалғастыра алады. Алайда, баспасөз картасын алу арқылы белгілі бір мүмкіндіктерге ие болады, - деді қауымдастық төрағасы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар