Тұрғын үй кезегінен кімдер шығарылатыны белгілі болды "Биылғы жылдың алғашқы төрт айы ішінде жаңадан салынған баспана бағасы 1,1%-ға қымбаттады. Бағаның артуы қарапайым қазақстандықтың баспанаға қол жеткізу үшін қаражат жинау мүмкіндігін шектейді. Қазір бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін тұрақты жұмысы бар қазақстандық 14 жыл бойы жалақысының 30%-н жинап отыруы тиіс", — делінген зерттеу нәтижелерінде. Биылғы жылы қаңтар-сәуір айлары ішінде жаңа пәтер бағасы орташа есеппен 1,1%-ға қымбаттаған, бұл бір шаршы метр 250,1 мың теңге тұрады деген сөз.