Қазақстан Бас көлік прокуратурасы Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағы ұшқыштарының диспетчерлермен жасаған келіссөздеріне қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz Курсивке сілтеп.
Айта кетейік, ресейлік Baza басылымы Ақтауда құлаған ұшақтың қара жәшігінен табылған жазбаны жария еткен. Қазақстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, ақпаратты Ресей тарапы таратқан. Қазақстан тарапы ақпаратты растап немесе жоққа шығара алмайды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқыштар мен диспетчердің не жайлы сөйлескені белгілі болған еді. Ресейлік Baza телеграм арнасы Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer-190 ұшағының ұшқыштары мен диспетчерлердің не туралы сөйлескенін жариялады. Жазбадан Грозныйға да, Махачкалаға да қонбай, артынан Бакуға ұшып, ақыры Ақтауға қону туралы шешімді AZAL экипажы өзі қабылдағанын аңғаруға болады.
Стенограммадан сондай-ақ ұшақ бортында оттегі баллонының жарылуы мен қозғалтқышқа құс түсуі туралы нұсқаларды экипаж мүшелері айтқанын түсінуге болады.
Baza дереккөздері кім екенін айтпаған. Ресми түрде жазбаның шынайылығы мен толықтығы да расталмаған.