“Барлығы үшін жауап бере алмаймын”. Көшербаев Таяу Шығысқа сапарлап жатқан қазақстандықтар туралы айтты

Қаракөз Амантай 16 нау. 2026 10:05

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қазақстандықтардың Таяу Шығыс елдеріне сапарлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, өңірдегі жағдайдың күрделенуіне байланысты ол жаққа баратын азаматтардың саны біршама азайған. Соған қарамастан, кейбір қазақстандықтар қауіп-қатерге қарамай, бұл елдерге баруды жалғастырып жатыр.

"Біздің азаматтар батыл халық қой. Оларды оңайлықпен бір нәрсемен қорқыта алмайсың. Әрине, туристер легі азайып келеді. Біреулер қонақүйлердің бағасы арзандағандықтан баруы мүмкін, енді біреулер тағдырға сенетін адамдар шығар. Әркімнің өз себебі бар. Мен барлығы үшін жауап бере алмаймын", – деді министр.

Сонымен қатар министр кейде таныстары хабарласып, Таяу Шығыс елдерінде жүрген туыстарын елге қайтаруға көмектесуді сұрайтынын айтты. Мұндай жағдайда ол азаматтарға Қазақстанның сол елдердегі елшіліктері мен консулдықтарына тікелей жүгінуге кеңес беретінін жеткізді. Оның сөзінше, мұндай мәселелермен дәл осы дипломатиялық өкілдіктер айналысады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove