Бақауов: "Оңтүстіктен көшіп келетіндерге жер береміз"

Dalanews 23 қар. 2018 06:15 725

Павлодар облысының әкімі оңтүстіктен көшіп келген тұрғындарға жер беруге уәде етті.
Павлодар облысының әкімі еліміздің оңтүстігінен көшіп келген тұрғындардың бәріне жер беріп, баспана сатып алуға көмектесетінін айтты. Бүгінде Павлодар облысына 377 отбасы қоныс аударған. Жыл соңына дейін тағы 83 отбасы көшіп келгелі отыр. 

«Оңтүстікте жер телімін алу қиын. Біз Павлодар облысына көшіп келгендердің бәріне жер телімін беруге дайынбыз. Бізде жер телімі жеткілікті», – дейді облыс басшысы. 


Сонымен қатар Болат Бақауов адамдарды жерду суару жүйесін және ауыл шаруашылығын дамытумен айналысуға шақырды. Ал мұндай еңбек қолынан келмегендерді өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға уәде етті. Өз сөзінде облыс әкімі Успен ауданындағы Ольгинка аулын мысалға келтірді. Ауылда еліміздің оңтүстігінен көшіп келгендер саны көп. Олардың бәрі ештеңеге мұқтаж емес, дейді әкім. 

«Ауылдарда арзан үйлер бар. Өз кезегінде біз соларды сатып алуға көмектесе аламыз. Сонымен қатар әр отбасыға 7 тоннадан көмір бөлінеді», – дейді Бақауов.

Диас ШАЙЗАҚОВ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар