Екі мәрте денсаулық министрі болған экс-шенеунік Жақсылық Досқалиев Adal adam Youtube-арнасына берген сұхбатында шетелге кеткен қазақ балаларының бақытын байлауға болмайтынын айтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Журналист кейбір қазақстандықтар балалар үйінен бала асырап алғысы келген кезде дәрігерлер бүлдіршіндердің ауру барын айтқанын жеткізді. БАҚ өкілі "бұл шетелдіктерге бала асырап алу үшін жағдай жасайтын қитұрқылық емес пе?" деген сауал қойды.
"Баланың дені сау болса, дені сау деп береді. Сау емес болса, сау емес деп береді. Зерттеу жасайды. Бес тиын береді екен деп диагнозын өзгертпейді. Оның кітапшасы бар ғой, сол жерде диагнозы болады. ...Сондықтан ол оңай сауда емес (бала саудасы - еск.). ...Бір нәрсені айтайын, тағы да Америкаға жүгінейікші. Өзім көрмеген нәрсені айта алмаймын. Олар ауру балаларды алып, емдеп, осы қоғамға кіргізіп және әрі қарай білімін беріп, осы қоғамда өмір сүре алатын жағдайға жеткізіп отыр. Біздің балалар үйі ондай нәрселерді жасай алмайды. Сал ауруымен емдейтін орталық болғанымен, толық емделіп кететін жағдайлар жоқ. Соның қаражатын - бәрін төлеп, жасап отыр ғой. Егер мұндай жағдай болса, баланың бақытын байлауға болмайды деп санаймын", - деді ол.