Кеше Алматыда ойын алаңында баланы тепкен ер адам ұсталды. Жәбірленуші бүлдіршіннің анасы оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әйелдің айтуынша, оқиға 29 қарашада болған, бірақ ол бұл жағдайды бірден білмеген. Келесі күні көршілері баласы қатты жылағанын және оны ересек адам ұрғанын айтқан. Осыдан кейін ғана ол бейнежазбаны көрген.
"Видеоны көргендегі күйімді сөзбен жеткізу қиын. Бұдан бөлек, сол екі күннің ішінде баланы ұрған адамның әйелі келіп, анамды қорқытқан. Ал мен жұмыстан келгенімде балам төсек тартып жатып қалған", - деді жәбірленушінің анасы "1001 түн" бағдарламасында.
Еске салайық, бұған дейін оқиғаның мән-жайын жазған едік. Бұл жайт Алатау ауданында орналасқан "Каспий" тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, балалар арасындағы келіспеушілікке ересек ер адам осылай араласқан.
