Балалық шаққа саяхат: Димаш Құдайбергенов

Dalanews 30 қаң. 2017 05:29 1410

Димаш талантымен табындырып жатыр әлемді. Қытайдағы  I Am a Singer байқауының алғашқы кезеңдерінен мүдірмей өтті.  Аktobegazeti.kz сайты Димаштың бала кезіндегі суретін жариялапты. 

Қысқа нұсқа айталық. Димаштың ата-анасы да өнер адамдары. Қанат пен Светлана Айтбаевтарды бүгін жастар білмеуі мүмкін, бірақ аға-апаларымыз жақсы таниды.  Димаш алғаш сахнаға спекталь кейіпкері ретінде шыққан. 



Бес жасында фортепианода ойнап үйренген. Дәл осы жасында ән айта бастайды. Ал 6 жасында "Айналайын" байқауының лауреаты атанады. 10 жасында облыстағы түрлі шараларды жүргізе бастайды.



"Үйімізде пианино болатын. Димаш, осымен дайындалатын. Көшіп-қонған кезде пианиноның даусы бұзылып қалатын. Дыбысын қалпына келтіру үшін маман шақыратынбыз...



Осылай көшіп-қонып жүрген кезімізде пианиномыздың даусы тағы бұзылып қалды. Иә, тыңдаған кезде байқалмайтын. Бірақ, кәсіби музыканттар аспаптың бүлінгенін бірден аңғарып қоюшы еді. Ал Димаш дәл осы аспапта дайындалған...



Бір күні студиядағы сабақ үстінде Димаш ұстазға келіп: "Үйімдегі пианиноның дыбысы маған мүлдем ұнамайды" депті. Ол кезде бар болғаны 5 жаста еді! 5 жасында аспаптың дыбысы дұрыс емес екендігін аңғарып қойған", – дейді Димаштың анасы Светлана Айтбаева. 



I Am a Singer байқауының үшінші кезеңі келесі аптада басталады.








Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар