Балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев өмірден өтті

Көркем Алдабергенова 12 ақп. 2025 11:24 796

Қазақстандағы балалар педиатриясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев өмірден өтті. Ақпаратты Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Академиктің қазасын ұлы Жарас Ормантаев жеткізді.

"Бүгін түнде ардақты әкем, Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев өмірден өтті", - деп жазды Жарас Ормантаев Facebook парақшасында.

Камал Ормантаев - Қазақстандағы балалар хирургиясы, педиатриясы, травматологиясы және анестезиологиясының негізін қалаушы. Ол 20 мыңға жуық ота жасаған.

Камал Ормантаев 1936 жылы 11 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға түскен. 1959 жылы балалар хирургиясы кафедрасының клиникалық резидентурасына түсті.

1961 жылы клиникалық резидентураны, 1965 жылы ауруханалық хирургия кафедрасының аспирантурасын бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғап, еңбек жолын балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті ретінде бастаған. 32 жасында Алматы медицина институтының балалар хирургиясы кафедрасын басқарды.

Камал Ормантаев 1968 жылдан 2012 жылға дейін балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі болды.

Ол - 320-дан аса ғылыми еңбектің авторы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар