Балалар спортына бөлінетін қаржы екі есе өседі

Балалар спортына бөлінетін қаржы екі есе өседі
Фото: pexels.com
2026 жылдан бастап елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде жан басына шаққан қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарл...

2026 жылдан бастап елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде жан басына шаққан қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа модель саланы басқарудың тиімділігін арттырып, жас спортшыларды қолдау деңгейін күшейтуге бағытталған. Енді бір тәрбиеленушіге жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі сметалық жүйеде бұл көрсеткіш 233 мың теңгені құрайды.

Министрлік жобаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттерден қосымша қаржы қажет болатынын атап өтті. Алайда тиісті шығыстар Республикалық бюджет комиссиясынан қолдау тапқан. Сондай-ақ бұған дейін "E-Sport" цифрлық платформасының іске қосылатыны хабарланған.