Даулы оқиғадан кейін қызметінен кеткен Серік Сәпиевтің орнына кім келгені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Туризм және спорт министрлігі Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді.
Комиссия мүшелері Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы Нұркен Нұратовтың кандидатурасын мақұлдады. Оның спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңір спортын дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.
Айта кетейік, 3 ақпанда Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.
Еске салайық, бұған дейін Серік Сәпиев соққыға жығылып, орынбасары тергеуге алынғанын хабарлаған едік.
