Бала сияқты бол...

Dalanews 29 там. 2015 01:28 1506

Ол өзгерісті жақсы көреді

Өзгергісі келмеген адам өспей қалады. Адамдар өзгерісті жек көреді. Бірақ өзгеріссіз даму, өркендеу, жетілу мүмкін емес.

Джон Мэйсон

Бар адам әлемді өзгерткісі келеді. Алайда ешкім өзін өзгертуге талпынбайды. Болуға тиісті деңгейге осы тұрысымызбен жетпесімізді аңғармаймыз.

Марқұм астронавт Джеймс Ирвин былай деген екен: «Айға қону алдын ала дайындалған ғылыми бағдарлама болды деп ойлайтын шығарсыз? Жоқ, олай емес. Бізді тек Айдың бағытына қарай «лақтырып» жіберді. Әр он минут сайын бағытымызды реттеп отыруға мәжбүр болдық. Дегенмен межелеген жерден бір жарым метрге ауытқып барып қондық. Ал радиус 800 шақырымнан асатын еді». Өмірдің өзі де Айға баратын саяхаттай. Түрлі нұсқа мен өзгерістерге толы. Өзгерістен артық тұрақтылық таппайсыз.

«Егер желдің бағытын өзгерте алмасаңыз, желкеннің күйін өзгерт» деген екен Макс де При. Қазіргі болмысымызды өзгертуге ерік-күшімізді жұмсамасақ, болуға тиісті адамға өздігімізден айнала салмаймыз.

«Адам да ағаш секілді, оның өсуіне кедергі келтіретін артық-ауысты кертіп алып тастап отыру отқа жағып тастағаннан абзал» дейді Джон Трэпп. Жаман әдет өздігінен жойылмайды. Одан мүлтіксіз әрекетпен құтылу қажет.

Орындалған тілек жанға маза береді. Бірақ жамандықтан құтылам деп ойлау ақымақтық. Данагөй кейде өз пікірін өзгертеді. Ақымақ ешқашан өзгертпейді. Жоспарыңызды өзгертуге себепші жағдайларға дайын болыңыз. Керек кезде шешімді өзгерте білу – даналықтың белгісі. Егер адам бұрыс пікірін ұзақ уақыт бойы айта берсе, онда сол пікірдің дұрыстығына өзі сенімді бола түседі. Егер сіз өз кемшіліктеріңіз бен қателіктеріңізді ақтап алуға тырыссаңыз, бұл сіздің олардан бас тартқыңыз келмейтінін көрсетеді. Қырсық адам өз пікірінде қалады. Осы пікір оны байлап ұстайды.

Жаңа нәрсе ойлап таба алмаған кезде тым құрымағанда жақсартуға шамамыз келеді ғой. «Жаңадан табылған» деген кейде көнерген дүниені қайта жаңғырту екенін көріп жүрміз. Адамның бәрі дамуға бейімді. Бірақ неге екенін өзгерісті ұнатпаймыз. Көп адам өзгеріске алдан жарық көргендіктен емес, бақай есептен келісіп жатады.

Ұлы идеялар сәтті болуы үшін оларды да өзгертіп, жаңартып, құбылта білу керек. Генри Форд өзінің алғашқы көлігінде кері жүріс тетігін ұмытып кетіпті. Оның қателігін көп адам біле бермейді. Ал, жетістігі туралы барша ел біледі. Егер жасаған ісіңізді күнделікті өзгеріссіз қайталай берсеңіз, жетілу мен діттегеніңе қол жеткізу мүмкін емес.

Өзгеріс деген бұл жақсылықтың басы. Соны ұмытпайық.

Джон Мэйсон

Аударған Шынар Әбілдә


 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар