Байбазаров "Самұрық-Қазынаның" топ-менеджері атанды

Байбазаров "Самұрық-Қазынаның" топ-менеджері атанды
Ақорда

Нұрлан Байбазаров "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамына қайта енді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) жариялаған құжатта көрсетілген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазір "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесі құрамында сегіз адам бар. Олардың қатарында премьер-министр Олжас Бектенов, қор басшысы Нұрлан Жақыпов, тәуелсіз директорлар және Samruk-Kazyna Artificial Intelligence деп аталатын цифрлық мүше бар.

Айта кетейік, Нұрлан Байбазаров бұған дейін де қордың басқару құрамында болған. 2024 жылы күзде Үкіметке ауысуына байланысты бұл қызметтен кеткен еді. 

Биыл наурызда Нұрлан Байбазаров Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.