"Баяғы жартас – сол жартас, қаланың келбеті өзгеріссіз күйде": Тоқаев Қонаев қаласын сынады

"Баяғы жартас – сол жартас, қаланың келбеті өзгеріссіз күйде": Тоқаев Қонаев қаласын сынады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президенттің пікірінше, Алматы облысының даму қарқыны жаман емес, тиісті жұмыс істеліп жатыр.

"Былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өсті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5 орында тұр.   Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды.   Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті.   Бірақ аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Десе де, Мемлекет басшысының сөзінше, Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр.

"Бір олқылыққа назар аударғым келеді. Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. "Баяғы жартас – сол жартас", қаланың келбеті өзгеріссіз күйде. Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Алматы облысына барды.