Бағдат Мусиннің жұбайы 2024 жылы 35 млн теңгеден астам табыс тапқан. Ал Бағдат Мусиннің өзі кіріс ретінде 0 теңге көрсеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Bes.media мәліметінше, Қазақтелеком басқарма төрағасы, бұрынғы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин 2024 жылға арналған декларациясында табыс ретінде 0 теңге көрсеткен. Ал оның жұбайы Дина Ауганбаева-Мусина өткен жылы 35 млн теңгеден астам табыс тапқан.
Қазақстан темір жолы өз декларацияларынан тек бір филиал — Бас есептеу орталығының пайдалану жөніндегі директор орынбасары туралы мәлімет жариялады. Аталған қызметті атқаратын Бекзат Ахметов кіріс ретінде 0 теңге көрсеткен. Ал оның жұбайы Динара Ахметова 1,8 млн теңге табыс алған.
Ал Бәйтерек холдингінде басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов өз кірісі туралы ақпаратты ашық көрсетті. Оның 2024 жылғы табысы 17 430 559 теңгені құраған.
