Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов міндетті медициналық сақтандыру қоры қаражат бойынша есеп беруге міндеттелетінін, лицензиясы жоқ ұйымдар тексеріліп, БАҚ-та тәртіп бұзғандар туралы ақпарат шыққан жағдайда Денсаулық сақтау министріне тиісті тексеріс жүргізуге бюрократиясыз рұқсат берілетінін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы депутат мәжіліс кулуарында айтты.
"Триллиондаған қаражат кетіп жатыр. Халықтың өтініші сол қаражаттың қайда кеткенін білу. Сондықтан бұл өте маңызды норма. Енді қорда да, сол қордан МӘМС бойынша қаражат алған мекемелер де тиісті мерзімде өз сайтында есепті жариялау керек. Менің ойымша, бұл маңызды. Екіншіден, бақылау. Егер лицензиясы жоқ ұйымдар тиісті жұмыспен айналысса оған бақылау енгізіп отырмыз", - дейді депутат.
ақҮшіншіден, енді министрге қосымша мүмкіндік беріледі.
"Егер БАҚ-та үлкен проблема туралы ақпарат шықса, онлда министр өте қиын рәсімдерден өтпей-ақ кез келген мекемені үлкен проблема шеңберінде тексеруге мүмкіндік береміз. Біз неге министрге сенбеуіміз керек? Ол проблема болса ештеңені күтіп отырмай тез шара қабылдайды", - дейді депутат.