Аймағамбетов жекеменшік мектептерге ұнамайтын өзгеріс туралы айтты

Көркем Алдабергенова 26 ақп. 2025 10:34 778

Енді жекеменшік мектепке кімнің есімі берілетінін ономастикалық комиссия шешеді. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Заң жобасының маңызды бағыттарының бірі жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімін беру және оны өзгерту процесін ономастикалық комиссиямен келісім тәртібін енгізу. Соңғы жылдары, өздеріңізге белгілі, жекеменшік білім беру ұйымдарының саны көбейді. Сәйкесінше оларға түрлі тұлғалардың есімін ешқандай ресми келісімсіз беру жиілеп кетті. Кейбір оқиғалар қоғамда резонанс тудырған болатын.

Енді жекеменшік білім беру ұйымдары тұлғалардың есімін бермес бұрын, облыстық ономастикалық комиссияның ресми мақұлдауын алуға міндетті болады. Яғни олар мемлекеттік білім беру ұйымдары сияқты ономастикалық рәсімдерден өтеді, дейді Аймағамбетов мәжілістің жалпы отырысында. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар