Айымбетов арманына жетті

Dalanews 27 мау. 2015 11:47 909

Ғарышқа ұшуды көптен бері армандап жүрген Айдын Айымбетов ақыры Қазақстаннан шыққан үшінші ғарышкер деген атаққа ие болатын болды.


Ресейдің ғарышкерлерді даярлау орталығының ведомствоаралық комиссиясы Айдын Айымбетовты британдық әнші Сара Брайтманның орнына Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға қатысушы ретінде бекітті. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен А.Айымбетов ХҒС-ына қысқа мерзімдік экспедициясының құрамына енгізілді. Оның дублері болып ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев тағайындалған. Бұған дейін «Росғарыш» басшысы Игорь Комаров ХҒС-на ұшудан бас тартқан Брайтманның орнына ұшатын адам таяу уақытта анықталатынын хабарлаған еді. Сол кезде А. Айымбетов пен кәсіпкер Федор Гальчевтан басқа, «Союз ТМА-18М» кемесінде британдық әншінің орнына ұшу тәжірибесі болмаған Прокопьев үміткерлердің бірі болған-ды. Нәтижесінде таңдау А.Айымбетовке түсті.


«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі 1 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан көкке самғайтын болады. А.Айымбетовпен бір экипажда ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен ұшады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар