2023 жылы әйелдерге, бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған әлем бойынша ғаламдық индексте Қазақстан өз позициясын айтарлықтай жоғалтты. Джорджтаун институты екі жылда бір рет жариялайтын бұл зерттеуде әлем елдеріндегі инклюзивтілік, әділеттілік және қауіпсіздік деңгейі бағаланады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аталған рейтинг Қазақстанның әйелдер қауіпсіздігі саласында елеулі проблемалар барын көрсетеді.
"Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне деген сенім деңгейі" зерттеуіне сәйкес, біздің елімізде тек 58,5% әйелдер көшеде жүргенде өзін қауіпсіз сезінетіндерін айтқан, бұл көрсеткіш ер адамдармен салыстырғанда әлдеқайда (70%) төмен.
Қауіпсіздік мәселелеріне қарамастан, Қазақстандағы әйелдер бірқатар салаларда көшбасшылық орындарға ие. Жоғары оқу орындарында студент қыздардың саны ер адамдардан басым: 2023/2024 оқу жылының басында нәзік жандылар саны 314,1 мың болса, ал бозбалар саны 278,6 мыңды құрайды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлерлік те әйелдер басымдыққа ие: 914,3 мың әйел және 768,4 мың ер азамат.
Алайда, осы жетістіктерге қарамастан, әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 25,7%-ға төмен. Әйелдердің орташа жалақысы 311,2 мың теңгені құраса, ал ерлердікі - 418,8 мың теңге. Бұл әйелдердің, көбінесе білім беру және денсаулық сақтау сияқты мардымсыз жалақы төленетін салаларда жұмыс істейтіндігімен байланысты.
Әлемде, әйелдердің қауіпсіздігі бойынша ең нашар жағдай Ауғанстан мен Йеменде тіркелген: олардың индексі сәйкесінше 0,286 және 0,287 құрайды. Бұл көрсеткіштер әлемдік орташа деңгейден (0,68) айтарлықтай төмен. Бұл елдердегі жағдайларға түрткі мыналар: ана өлімі деңгейінің жоғары болуы, білім алуға қолжетімділіктің төмендігі және жұбы тарапынан зорлық-зомбылықтың айтарлықтай артуы.
Ал Дания, Швейцария және Швеция елдерінің әйелдері – әлемдегі ең бақытысы. Бұл елдердің рейтингідегі индексі 0,9-дан жоғар, инклюзивтілік, қауіпсіздік және құқықтық кемсітудің болмауы бойынша жоғары деңгейді көруге болады.