АЯҚТАҒЫ АБЫЛАЙ

Dalanews 11 ақп. 2015 10:23 1346

      

[caption id="attachment_9160" align="alignright" width="269"]абылайхан Хан бейнесін қас қылғандай аяғына салдырыпты. Қорлау ма – қорлау.[/caption]

Қаламы жүйрік бір ағам бар,  сойып жазады, тіліп айтады. Сол кісімен ең алғаш танысқанда оң жақ бармағының түбіндегі ұлыған көкбөрінің суретіне көзім түсіп еді. Бояп қойған ба десем, тәнге түскен таңба екен. «Татуаж» деп аталатынын кейін түсіндік.

Көкке қарап ұлыған бөрі бейнесіне қызығып жүрдім. Кейін ондай таңбаны қыздардың құймышақ тұсынан, кіндігінің басынан, иығынан көргенде, әлгі құштар сезім айдыннан үріккен құстай тым-тырақай болды. Бірақ қаламгер ағамды әр жолы көрген сайын «көкбөріңіздің күйі қалай?» деп қалжыңдаймын. «Ұлып тұр әлі» – дейді ол. Бірақ соңғы жылдары әлгі қасқыр «мыжылып» бара жатқан сияқты. Қаламгер ағамның қолының еті қашқалы, бөрісі де «арықтап» кетіпті. Көкбөріге қанша қызықсам да, татуаж деген таңбадан содан кейін жеріп кеттім.

Жуырда әлеуметтік желіде Абылай ханның бейнесін аяғына салдырған бір «әуесқой» пайда болды. Хан бейнесін қас қылғандай аяғына салдырыпты. Қорлау ма – қорлау.

Неге екені жұмбақ, соңғы кездері біз ұлыларды қорлауға, тарихи тұлғалардың есімін төмендетуге құмартып алдық. Содан болар, Абылайдың қалпақты хан бейнесін балтырға салып, байпақшаң көстеңдейтін болып жүрміз. Сізге өтірік, бізге шын кемеңгер ақын Абайды да тәніне салатындар көбейген. Талай қыздың тар мықынынан қазақтың қамын жеген ұлы ақын бейнесін көргенде, күйіп кеткеніміз анық.

1797371_652497138210329_3107868410895418320_nАлматының Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында қыстың суығы мен жаздың ыстығына қарамай жастар жиналатын «жынойнақ» бар. «Жынойнаққа» жиналатын жастардың бірі көлігін көрсетуге шықса, біреу көркін саудалап әлек. Сол көшенің бойынан өте қалсаңыз, татуаждан тәні тыныс ала алмай тұрғандарды көптеп кездестіре аласыз. Олар татуажбен де мақтанады. Арасында қазақтың ұлылары мен ғұламаларын басынан тырнағының ұшына дейін етін тіліп тұрып ендіріп алғандары баршылық. Бәрі жастар.
 

 

Неге екені жұмбақ, соңғы кездері біз ұлыларды қорлауға, тарихи тұлғалардың есімін төмендетуге құмартып алдық. Содан болар, Абылайдың қалпақты хан бейнесін балтырға салып, байпақшаң көстеңдейтін болып жүрміз. Сізге өтірік, бізге шын кемеңгер ақын Абайды да тәніне салатындар көбейген. Талай қыздың тар мықынынан қазақтың қамын жеген ұлы ақын бейнесін көргенде, күйіп кеткеніміз анық.

Бөкседегі Шоқан

valihanov_2Жауыр болған аттай құймышағына «жабу» жапқан қаракөздің қылығы тіпті сорақы. Шоқан Уәлихановты сегіз көзге кетпестей бояп алған қызды көзім шалып қалды. Абай Мен Гагарин көшесінің қиылысындағы «Қағанатқа» түскі ас кезінде ұзансонар кезек пайда болады. Күндегі әдет бойынша қалың кезектің қақ ортасында тұрғанбыз. Есіктен қызыл-сары шашты орта бойлы қаракөз қыз кірді. Шіліңгір шілде емес, ызғарлы ақпан. Ол үстіне қысқа күртеше іліп, белі мықыннан төмен сыпырылған шалбар киіп алыпты. Жанымыздан өткенде байқадық, бел бөксенің арасы – алан-ашық. Жарқыраған сегіз көздің үстінде тікесінен тік тұрған Шоқан Уәлихановтың бейнесі. Анық салыныпты. Талантты суретшінің қолынан шыққаны байқалады. Жас Шоқан бейнесі: қас-қабағы, балғын мұрты, балауса жүзі көзді бірден тартады. Бірақ бөкседегі кескінге қарап тұру әбестік екен, көз тайдырып кеттік.

–Ұрпағының бөксесінде бөктерілген, қайран бабаларым-ай! – дейді қарындастың мықынынан көзін ала берген қасымдағы кісі.

–Мықты суретші салыпты – дедім, суреттің Уәлиханов бейнесінен айнымай түскеніне таңдай қағып.

–Өйтіп тапқан ақшасы – арам – деді әлгі кісі. Мен есімді жиып алғандай болдым. Шынымен, Шоқан қайдағы қыз-қырқынның белінде кететін адам емес қой.

Шоқанға туған күн енді оның бабасы Абылай ханның да басына түсіпті. Қазақтың басын қосқан хан Абылай қайдағы біреудің балағында жүр. Бұдан артық қорлық бола ма? Сөз бен ойды күзейтін заң бар. Ал ұлы тұлғаларды қорлаған суретші мен оны тәніне таңбалаған бозөкпелерді тезге салатын заң жоқ па?!

 Көкіректегі көк ту

auto_27412_18_10_12_12_16_51Отаншылдық сезім әркімге бұйырмайтын қасиет. Бірақ кейде Отанды сүюді тым әсірелеп алатынымыз анық. Ұлыбританияға барған Ерлан Көбекбаев (аты-жөні өзгертілді) деген студент өз суретін әлеуметтік желіде жариялады. Ол «Қазақстанды сүюді менен үйреніңдер!» деп кеудесін ашып суретке түсіпті. Қызыл төстің қақ ортасын бөліп қазақтың көк туын салдырған. Татуаж. Ол өзінің қазақ жерінен келгенін осы көк ту желбіреген көк төсі арқылы дәлелдейді – мыс.

Көк тудың әр қазақтың көкірегінде жүретін қасиетті ұғым екені анық. «Таласқа түссе жан мен ту, – көк тудың желбірегенін» айбын санайтын домалақ жердің бетіндегі 5 миллион қазақ  елді сағынғанда әлгі боқмұрын студенттің тыртиған кеудесін сүйе ме?!

Көкіректегі көк тудың кеудеге түскені обал-ақ! Әттең, қасиетке түкіру қашан тиылар екен!?

 Жарас ШӨКЕ          


 


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар