Аягөзде жаңа құрылыс комбинатында 72 адам тұрақты жұмыспен қамтылады

Dalanews 16 ақп. 2018 08:55 776

Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданында 2018 жылдың 1 жартыжылдығында құрылыс материалдары комбинатының құрылысы қолға алынбақ. Құрылыс кезінде 120 адам, пайдалану берілген соң нысанда 72 адамға жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен баспасөз маслихаты барысында аудан әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.

Ауданда өткен жылы жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субьектілерінің  саны 3503 бірлік. Аталмыш субъектілерде 9 917 адам жұмыспен істеп жүр. Аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл экономикалық белсенді халықтың 30,9 % құрайды.

Биылғы жылы Аягөзде тағы бір жаңа нысанның құрылысы жоспарланып отыр. Жобаның инфрақұрылымына 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасы аясында облыстық үйлестіру кеңесінде мақұлданып 392,9 млн теңге қаржы қаралып, 2016 жылы республикалық бюджеттен 314,5 млн теңге қаржы бөлінген. Ал 2017 жылы инфрақұрылым жүргізуге қаралған 78,4 млн теңге қаржы толық игерілген.

– Бүгінгі күнге «Банк Центр Кредит» АҚ-на нысанның бүгінгі құнын ескеріп 1200,0 млн теңге несие қаржы алуға құжаттар тапсырылып, банк менеджерінің қарауында. Банкінің қанша қаржы несие мақұлдауына және негізгі қондырғылардың бағасын ескере отырып 500,0 млн теңгеге дейін өз қаражатын жоба құрылысына жұмсау көзделуде, – деді Бақытжан Байахметов.

Әкімнің айтуына қарағанда, жоспарланған барлық шығындар 2346,0 млн теңге, жылдық табыс 393,0 млн теңгені құраса, жобаға кеткен шығынның өтелу мерзімі 6 жылды құрайды.

Осы орайда айта кету керек, жалпы аудан бойынша орташа айлық еңбекақы көлемі 100120 теңге құраған. Кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтар саны 378 адам құрады. Жаңа жұмыс орыны бұл көрсеткішті жақсартуда үлкен маңызға ие.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар