Ахметов: "Жаңа аудан ашпаймыз. Басы артық шенеуніктердің қажеті қанша?"

Dalanews 22 қар. 2019 09:48 807

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 90-шы жылдары аудан мәртебесінен айырылған елді мекендердің бүгінгі жағдайы туралы айтты.

«Марқакөл және өзге де аудандарды қайта құру мәселесіне тоқталып өтейін. Иә, маған мұндай арызбен келетін азаматтар көп. Олармен кездестім де. 50 шамалы адаммен жүздесіп, орынды сұрақтар қойылды.

Кездесу кезінде олардан: «Марқакөл мен Күршімде тұратындарыңыз ба, айтыңдаршы?», - деп сұрадым.

Сөйтсем, әлгі 50 адамның біреуі ғана сол жақтан келген екен. Өзгелері соңғы 20 жылдан бері Өскемен мен Семейде тұратын болып шықты. Солай бола тұра бұл мәселе дер кезінде көтеріліп, арнайы комиссия құрылды. Бүгінгі таңда 5 ауданда жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Атап айтсам, олар: Үржар, Тарбағатай, Зайсан, Катонқарай және Күршім аудандары.


Аталған аудандарға қатысты арнайы бағдарлама әзірлеп, қосымша қаржы бөлеміз», - деді ШҚО әкімі бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ахметов аймақта «жаңа аудан ашылмайтынын» айтып өтті.

«Оны ашқаннан не ұтамыз? Жаңа ауданған ашсақ, ол жерде жұмыс орындарын ашып, халықты қоныстаныру үшін бас-аяғы 9 млрд теңге керек екен. Одан бұрын елге жаңа шенеуніктер керек пе? Алдыма келген азаматтарға осылай деп айттым.  Олар да мақұлдады. Бізге арнайы бағдарлама керек. Соны іске асырамыз», - деді Даниал Ахметов.


https://dalanews.kz/47994

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар