Ауланған балықты 12 сағатта тұтынушыға жеткізе аламыз

Dalanews 10 қар. 2017 13:36 1068

Таяуда балық өнімдерін саудалайтын Алфиш дүкендері желісінің басшысы Самат мырзамен жолығып, жеке кәсібі жайында аз-кем әңгімелесудің сәті түсті. Енді соған назар аударсаңыздар.



– Сіздің дүкеніңіздің ерекшелігі мен тартымдылығын сипаттап берсеңіз. Тұтынушылар неге сіздің дүкенді таңдау керек? Компанияның миссиясы қандай?

Басты ерекшелігіміз – Қазақстанның көлдері мен су қоймаларында ұсталынған балықты делдалсыз жеткізу. Су жағасынан шыққан балық 12 сағат ішінде дүкенде болады. Сонымен қатар, біздің дүкенде Ресей және өзге  мемлекеттердің де мұздатылған балық өнімдері бар. Біз әрқашан балықшылармен тікелей жұмыс істейміз, сондықтан тұтынушыларға ең қолжетімді бағамен ұсынамыз.

Біздің миссиямыз – еліміздің әрбір отбасын салауатты және пайдалы балық өнімімен қамтамасыз ету.

– Бұл жұмыстың сіз сияқты меншік иесіне тартымдылығы қандай? Осы салада қанша уақыт жұмыс атқарып келесіз? Бәрі қалай басталды?

– Бұл салада жүргеніме 18 жылдай болды. Біз Алматыға жұбайым екеуіміз 20 жыл бұрын келдік. Балаларымыз сол кезде ата-анамның қолында қалды.  Бастапқыда Алматыға келгенімізде жұмыс таппай қатты қиналдық. Содан кейін басты көпшілік сияқты менде базарға бардым. Сауда саласына жүгіндім. Картоп, жеміс-жидектер сатып та көрдік. Одан айтарлықтай табыс таппағаннан кейін, әр нәрсені байқап, сұрап ізденісте жүрдім. Солай сұрастыра келе балық өнімінің халыққа пайдалы және жақсы көретін өнім екенін түсіндім. Сол кездегі сауда саласындағы жүрген сыныптасымның айтқан сөзі мені қанаттандырғаны әлі есімде: «Данияр, сен бізде өте жақсы оқып едің ғой, біздің қолдан келген тірлік сенің де қолыңнан келетініне мен сенімдімін» дейтін.  Осылай шешім қабылданды.

Сіз тұтынушыларыңызды қалай сипаттайсыз? Сіздер кімге қызмет көрсетесіздер?

– Біз әр тұтынушыға қуаныштымыз. Оның ішінде – зейнеткерлер, отбасылық адамдар, ірі мейрамхана иелері және де балық өнімін жақсы көретін жандар. Біз үшін әр отбасын балғын және пайдалы өнімдермен қамтамыз етудің маңызы зор.

– Сіздің команда үшін ең маңызды құндылықтар?

– Адалдық – әрбір тұтынушыға адал және сапалы тұрғыда қызмет атқарам.  Отбасылық – біздің команда, ұйымшыл үлкен отбасы. Біз әрқашан адамдарға балық өнімдерінен тағам дайындау бойынша тиісті кеңес беруге разымыз. Денсаулық – бірінші байлық екенін түсінеміз, осыған орай адам денсаулығына пайдалы және кажетті өнімді ең қолжетімді бағамен ұсынамыз. Кәсібилік – біз айналысқан қызметімізді жақсы көреміз. Біздің командада әрқайсысы өзінің жұмысына қызығушылық танытатын нағыз кәсіпқойлар. Ынта және ізетпен беріліп жасалған жұмыс сатушыдан басталып балық бөлушіге дейін дүкенде ахуалға ықпал етеді.  Жалпы іске ортақ үлес – Алфиш дүкенінде барлығы қол жетімді бағалар. Қосымша қызмет ретінде – балғын балықтың әр түрлеріне 10 пайызға дейін зейнеткерлерге арнайы жеңілдік. Командамыздың ұмтылысы осы бағытта. Дәл осы қағида бойынша біздің өнім берушілер де жұмыс атқарады.  Өйткені, бұл – біздің ортақ мақсатымыз. Егер мемлекет халыққа әлеуметтік көмектер беретін болса, неге шағын кәсіпкерлер беруі мүмкін емес? Менің ойымша, бұл әбден мүмкін.

– Компанияның қандай мақсаттары бар?

– Әлемдік нарыққа сапалы қазақстандық өнімді шығару. Қазір бұл тұрғыда көп жобалар дайындық үстінде. Бұл жобамыз халықтың көңілінен шығып жатса, Қазақстанның басқа да қалаларында да осындай дүкендер ашсақ деген ойымыз бар. Сондай-ақ, қазіргі уақытта көтерме сатып алушыларға және мейрамханаларға балықты қолайлы бағамен тартудамыз. Өнімдерді тегін тиісті жерге арнайы көлікпен жеткізе аламыз. Сіздің қалауыңыз бойынша, өнімді филе, тушка, немесе стейк түрінде алуға болады.

– Қандай әлеуметтік белсенділік (қайырымдылық) іспен айналысасыз?

– Балалар үйіне, рухани орталығына көмек көрсетудеміз және де қазіргі танда зейнеткерлерге арнайы бағамен балық өнімдері сатылуда.

 

Айнұр Нұрланқызы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар