Швейцариялық Glencore компаниясы Қазақстандағы ірі мырыш пен алтын өндірушілердің бірі – «Қазмырыштың» бақылау пакетін жергілікті инвесторға сату мәселесін талқылауды жалғастырып жатыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Гэри Нэгл Goldman Sachs ұйымдастырған жабық конференцияда мәлімдеген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Financial Times басылымының хабарлауынша, мәмілені аяқтау немесе одан бас тарту жөніндегі түпкілікті шешім алдағы екі айда қабылдануы мүмкін. Сарапшылар активтің құнын 5 млрд долларға дейін бағалап отыр.
Бұған дейін, 2026 жылғы ақпанның соңында, Bloomberg Glencore компаниясы «Қазмырыштың» 70 пайыздық үлесін қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке сату мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған. Ол – Integra Construction құрылыс тобының иесі.
Сол кезде ықтимал мәміленің құны 4–4,5 млрд доллар шамасында бағаланған. Сондай-ақ Glencore компаниясы сатып алуды қаржыландыруға қатысуы мүмкін екені айтылған.