Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтерілсе, компанияның ең төменгі жалақы алатын бір қызметкерге ай сайын жұмсайтын шығыны 130 350 теңгеге жетеді. Бұл қазіргі көрсеткіштен 29 625 теңгеге артық, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жаңа ең төменгі жалақы мөлшері бойынша қаражат былай бөлінеді: жұмыс беруші бір қызметкерге 130 350 теңге бөледі. Оның 37 490 теңгесі компания мен қызметкер төлейтін салықтар мен міндетті аударымдарға жұмсалады. Ал қызметкердің қолына 93 690 теңге тиеді.
Қазір ең төменгі жалақы - 85 мың теңге, ал компанияның бір қызметкерге ай сайын жұмсайтын жалпы шығыны - 99 263 теңге.
Қолданыстағы ең төменгі жалақы мөлшері бойынша жұмыс беруші бөлген 99 263 теңгенің 24 463 теңгесі салықтар мен міндетті аударымдарға кетеді. Ал қызметкер қолына 74 800 теңге алады.