"Аудиожазба жіберген...". Маңғыстауда ер адам үш баласымен бірге асылып өлді

Dalanews 13 жел. 2022 10:13 811

Маңғыстау облысында ер адам балаларымен бірге өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздігінен асылып қалған белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түскен.

Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барған. Өздігінен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ, 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталған.

Тексеріс барысында Б. есімді азамат жіберген аудиожазба анықталған. Ол жұбайы Д. есімді әйелге өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болғаны және олардың ажырасқалы жатқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптының екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.


Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтіні хабарланды.

https://dalanews.kz/kogam/84784-tauelsizdik-kuni-qarsangynda-zhastar

https://dalanews.kz/aimak/84061-almatyga-quyylgan-investiciianyng-70-pay

https://dalanews.kz/aimak/84272-petropavlga-60-qa-zhuyq-beynebaqylau-kam

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар