Ауа райы болжамы: Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді

Ауа райы болжамы: Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді
Фото: photo.99px.ru
"Қазгидромет" РМК 20 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазгидромет" РМК 20 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыстан келген циклон шығысқа қарай жылжып, елдің батысында жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста да жауын-шашын күтіледі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр сіркіреп, қар аралас жауын байқалуы мүмкін. Қалған өңірлерде антициклонның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, солтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерін тұман басады.

Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда мен Алматы облыстарының таулы аудандарында түнде 1–3 градус үсік жүреді.

Сонымен қатар Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Ұлытау, Абай, Жамбыл және Алматы облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан және Атырау облыстарында өрт қаупі төтенше деңгейде. Ал Жамбыл мен Ақтөбе өңірлерінің бірқатар бөліктерінде, сондай-ақ Алматы, Қостанай, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында жоғары өрт қаупі болжанған.

Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, ашық от пайдаланудан және құрғақ шөп өртеуден бас тартуға шақырады.