Алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам Түркиядан депортацияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
19 маусымда Түркия Республикасынан Қазақстанға бірнеше алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді.
Ол Қазақстанның ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.
"Тергеу мәліметі бойынша күдікті 2024 жылы қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден аса қаражатын алдап иемденген. Күдікті ұсталып, Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.