Атыраудағы қанды қылмыс бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Атыраудағы қанды қылмыс бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөз

Атыраудағы қанды қылмыс бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алғашқы сот отырысы 18 мамыр күні сағат 11:00-ге белгіленген. Процесс ашық форматта өтеді.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша айып тағылған.

Сонымен қатар тергеу барысында қаза тапқан отбасының малын сату және олардың банк карталарындағы қаражатты иемдену фактілері де қарастырылып жатыр.

Прокуратура барлық тергеу әрекеттері толық аяқталғанын, енді іс материалдарының жақын күндері сотқа жолданатынын мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, сот отырысы осы айда басталуы мүмкін.

Сонымен бірге ведомство кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр" деген ақпараттың прокуратура тарапынан таратылмағанын нақтылады.