Атырауда дрон көмегімен жолдағы құқықбұзушылықтар анықталып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Республика көлемінде өтіп жатқан "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері дрон көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдап жатыр.
"И.Тайманов пен Әбілқайыр хан - Мәденов көшелері қиылысында Toyota Land Cruiser 150 және Hyundai Creta көліктерінің жүргізушілері көлікті жеңіл дәрежедегі масаң күйде басқарғаны анықталды. Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев көшесінде қауіпті маневр жасаған BMW жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі арнайы айып тұрағына қойылды", - деді өңір полициясы.