Атырауда бозбаланы бопсалаған "діндар" қыз қылмыс үстінде ұсталды (видео)

Dalanews 23 шіл. 2021 06:56 234

Атырауда 21 жастағы қыз шымкенттік 18 жасар бозбаладан 2 миллион теңге ақша бопсалаған, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Polisia.kz мәліметі бойынша, бопсалау фактісі бірнеше рет қайталанған.

Алғашында жігіттен 2 миллион теңге алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша талап еткен. 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған.

Оның айтуынша, қыз оны “Зорлау” фактісі бойынша үстіңнен іс қозғатамын деп қорқытқан.

Алайда жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталады. Екеуі, тіпті әріптестер екен. Ол қыз жақсы танысым, тіпті тұрғылықты мекені Шымкент қаласына алып барып, ата-анаммен таныстырдым дейді.

Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады.

Тексеру кезінде қыз деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды. Қазіргі уақытта 21 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ақша бопсалаған қыздың бопсалау қылмысы бойынша басқа да фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - дейді Атырау облыстық ПД.

https://youtu.be/lChjMMM-vok

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x