Сонымен қатар тергеу барысында күдікті қала аумағында жасырылған 70 грамм есірткі заттарын көрсетті. Жасырын есірткі тасымалдаумен айналысып жүрген әйел адамның айтуынша, ол синтетикалық есірткі заттарын сату үшін Қарағанды қаласынан Атырау қаласына арнайы келген.
– Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен, яғни (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) тіркелді. Айта кетейік, бұл бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған азаматша Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, –дейді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.