Атбасарда сотталушыларды азаптаған деген 12 қызметкер ақталды

Көркем Алдабергенова 24 жел. 2025 16:39

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында алқабилердің қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қылмыстық қудалау органы КАЖК қызметкерлерін Атбасар қаласындағы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған ықпал ету әдістерін қолданды деп айыптаған (Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы - азаптау).

Алқабилер істі қарау қорытындысы бойынша сотталушылардың кінәсіздігі туралы шешім шығарды. Қылмыс оқиғасының болмауы және сотталушылардың кінәсіздігі туралы шешім кеңесу бөлмесінде дауыс беру арқылы қабылданды.

Дауыс беруге 10 алқаби және 1 судья қатысып, әрқайсысы бір дауыстан ие. Дауыс беру кезінде артықшылық қарастырылмаған.

Сот үкімімен КАЖК-ның 12 қызметкері кінәсіз деп танылды. Ақталғандарға оңалту құқығы танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар