Алаяқтық жасағаны үшін сотталған "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовке тағайындалған жаза жеңілдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
SHYNDYK.KZ дерегінше, ол енді түзеу мекемесінде емес, электрон бақылаумен тұрғылықты жерінде жазасын өтеп жатыр.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәліметінше, сот шешімімен Абылай Мырзахметовтің жазасы жеңіл жаза түріне ауыстырылған.
"Сот шешімімен оған тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды. Сотталғандарға қатысты мәселелерді қарау және шешім қабылдау сот органдарының айрықша құзыретіне жатады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылы мамырда сот Абылай Мырзахметовті аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сонымен қатар, оның 5,8 млрд теңге көлеміндегі мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарылған еді.