Ата өнері — балаға мұра: Қазақстанда құтқарушылар династиясы қалыптасқан

Dalanews 27 қыр. 2021 18:14 753

Алдағы айда Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі тойланады, осы айтулы күні қостанайлық құтқарушылар Жарылғасыновтар отбасы да ерекше лебізді құттықтауларды қабылдайды.

Отағасы Қанат Жарылғасынов азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2006 жылы өрт сөндіруші лауазымынан бастаған. 2010 жылы Қанат Мұқанұлы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына түсіп, оны 2014 жылы бітіріп, офицерлік атақ алу арқылы өз арманын жүзеге асырған болатын.

Азаматтық қорғау органдарындағы 15 жыл ішінде Қанат Мұқанұлы өрт сөндірушіден бастап Меңдіқара ауданының Боровское ауылындағы № 9 өрт сөндіру бөлімінің бастығына дейінгі жолды жүріп өтіп, әріптестерінің ғана емес, аудан халқының да құрметіне ие болды.

Қанат Мұқанұлы өз отбасының үлгілі отағасы, тамаша әке және мейірімді ата, жұбайы Әсел Нарижановамен бірге 3 бірдей бала тәрбиелеп отыр: 1997 жылғы Бахдияр, 2000 жылғы Данияр және 2007 жылғы Аруна, сонымен қатар немерелерін тәрбиелеумен айналысады.

Үлкен ұлы Бахдияр әкесінің жолын қуып, орта мектепті бітіргеннен кейін ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсті, ал 2018 жылдың маусым айында сәтті аяқтады.

Бөлу бойынша Қостанай гарнизонына түседі, Бахдиярдың айтуынша, ол әрқашан әкесінен үлгі алған, сондықтан болашақ мамандығына қатысты көп ойланбаған. Бүгінде Бахдияр аға лейтенант, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының офицері.

«Отбасы-бұл кез-келген адамның, тіпті құтқарушының өміріндегі басты қолдау. Мен үшін әке үлгі тұтар жан. Мен құтқарушылар отбасында өстім, егер менің балаларым менің ізімді жалғап, біздің отбасылық құтқарушылар әулетін жалғастырса, әрине қуанамын»,-дейді Бахдияр.


Құтқарушылар күні Жарылғасыновтар отбасы үшін маңызды және атаулы отбасылық мерекелердің бірі болып табылады, өйткені отбасы басшысы мен ұлы Қостанай гарнизонының азаматтық қорғау органдарында игі борышын атқаруда.

Құтқарушылар күні қарсаңында Жарылғасынов отбасын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге қиын жұмыс күндеріңізде тыныштық, сәттілік, махаббат және әрқашан көмектесуге дайын сенімді достар тілейміз.

...

Олар күн сайын өз өмірлерін қатерге тігіп, қауіпті сапарға аттанады. Олардың да үйлеріне де ата-анасы, жары, балалары асыға тосып, тілеуін тілеп отырады.

Жыл сайын елімізде өртке қарсы қызмет, жедел-құтқару жасақтары, апаттар медицинасы орталығы өртке және жануға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 50 мыңнан астам рет барады, кемінде 15 мыңнан астам адам құтқарылады екен.

19 қазан Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі күнінде ғана емес, күнделікті өмірде де елдің алғысына бөленіп жүрген жандар.

Өмір жолын осы қауіпті де жауапкершілігі зор мамандықпен ұштастырған Ержан Мырзабекұлы әке жолын қуып, бүгінде Семей қаласындағы төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Семей қ. №2 жасағының басшысы қызметін абыроймен атқаруда. Ол 2006-2010 жылдары Көкшетау қаласындағы техникалық институтта білім алып, әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп шығады.

Қанаты қатайып, қорғаныс саласында Семей қаласында еңбек жолын бастады.

«Әкем ТЖБ ұзақ жылдай еңбек етті. Таңертең әкемді жұмысқа шығарарда киген әскери киіміне қатты қызығып, өскенде, қай мамандықтың иесі болатынымды іштей білдім. Өзімді физикалық, психологиялық тұрғыдан дайындай бастадым.

Қазақ «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демей ме, бізде отбасындағы тәрбиені көріп, әкеміздің әр іс қимылын жадымызға түйіп өстік.


Содан болар  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына түсуімді құптап, ақ батасын берген еді» дейді Ержан Сарқытбаев.

Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қазан Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі, осы айтулы күн Сарқытбаевтар отбасы үшін жанұялық мереке. Ерекше лебізді құттықтауларды қабылдайды, һәм бағыт-бағдар берген,әскери өмірдің қыр сырын үйреткен, қиындықта бірге болатын әріптестерінде  атаулы күнде естен қалдырмайды.

Ержан Мырзабекұлы  өз отбасының үлгілі отағасы, аяулы әке.

«Отбасы-бұл кез-келген адамның, тіпті құтқарушының өміріндегі басты қолдау. Мен үшін әке үлгі тұтар жан. Мен құтқарушылар отбасында өстім, егер менің балаларым менің ізімді жалғап, біздің отбасылық құтқарушылар әулетін жалғастырса, әрине қуанамын», - дейді Ержан Сарқытбаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар