Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді: журналист 1,5 миллион теңге талап етуде

Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді: журналист 1,5 миллион теңге талап етуде
Фото: ашық дереккөз
Танымал тележүргізуші, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізуші Асхат Садырбай бұрынғы жұбайы Айғаным Қорабаеваға қарсы азаматтық талап арыз берген. Құжат Алматы қаласының азаматтық сотына түскен...

Танымал тележүргізуші, «Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізуші Асхат Садырбай бұрынғы жұбайы Айғаным Қорабаеваға қарсы азаматтық талап арыз берген. Құжат Алматы қаласының азаматтық сотына түскен, деп хабарлайды Dalanews.kz

Талап арызда көрсетілгендей, Садырбай Қорабаеваның Instagram, TikTok, YouTube және Facebook желілерінде оның ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратқанын алға тартады.

Тележүргізушінің айтуынша, Айғаным Қорабаеваның тарапынан айтылған «қысым көрсетті», «баламен сотқа сүйреді», «қорлық жасады» деген мазмұндағы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және бұл жеке өмірге қол сұғушылық деп бағаланған.

Асхат Садырбай соттан мына талаптарды қанағаттандыруды сұрап отыр:

  • таратылған ақпаратты шындыққа сәйкес емес деп тану;
  • әлеуметтік желілерде кешірім сұраған бейне немесе аудио үндеу жариялау;
  • жазбаша кешірім хатын жолдау;
  • сондай-ақ моральдық шығын ретінде 1 500 000 теңге төлеу.

Сонымен қатар, кешірім хаты мен жазбасының көшірмесі «Астарлы ақиқат» редакциясына ұсынылуы қажет деген талап та қойылған.

Бұл азаматтық іс 2025 жылғы 21 ақпанда тіркелген. Қазіргі таңда іс Алматы қалалық сотында қаралуда. Екі тараптан да ресми пікір берілмеген.

Өз кезегінде Айғаным Қорабаева процестің ашық түрде өткенін қалайтынын білдірген. Оның ойынша, сот отырысына журналистер де қатысуы тиіс.