Астанада үйдің кірпіш қаптамасы опырылып, 5 адам зардап шекті: әкімдік жағдайға пікір білдірді

Сағыныш Сардарова 13 қар. 2025 09:19

Елордада кірпіш қаптамасы опырылып, салдарынан зардап шеккен бес адам әлі де ауруханада. Екеуінің хәлі нашар, деп хабарлайды Dalanews.kz "Жетінші арнаға" сілтеп.

Қазір ақ халаттылар төрт науқастан бөлек 23 жастағы фельдшердің өмірі үшін арпалысып жатыр.

Астана әкімдігі мәліметінше, дәл қазір 1030 үй апат жағдайында. Ал апат болған үйден бұған дейін инспекцияға шағым түспепті.

"Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына Тәуелсіздік 24б мекен-жайындағы үйдің қасбеті бойынша ешқандай шағым жоқ. Жаңғырту мәселелері бойынша да өтініш түспеді. "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 2-бабының 14-тармағына сәйкес ортақ мүлік – кондоминиум нысанының ортақ меншігі (қасбет, кіреберіс, вестибюль, холл, дәліз, баспалдақ т.б.). Бұған пәтерлер мен жеке меншіктегі тұрғын емес үй-жай кірмейді", - дейді Астана әкімдігі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін министрлік Астанада зардап шеккен фельдшерге байланысты мәлімдеме жасады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар