Қарашаның ортасында тағы да күн суытады

Қарашаның ортасында тағы да күн суытады
Dalanews.kz коллажы

Синоптиктер 13, 14, 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. 13 қарашада шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды.

Ауа температурасы төмендейді:

  • Солтүстікте түнде 5-12°С, күндіз 0-6°С аяз,
  • Солтүстік-батыста түнде 2-10°С, күндіз 0-5°С аяз,
  • Орталықта түнде 3-13°С аяз, күндіз -6…+3°С болады,
  • Шығыста түнде 8-20°С, күндіз 0-10°С аяз.