Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Алмалыбақ ауылының тұрғындары бірнеше рет ауыл әкіміне мектеп маңында көбейіп кеткен қаңғыбас иттер туралы шағым түсірген, деп хабарлайды Dalanews.kz Egov телеграм арнасына сілтеме жасап.
Тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Себебі иттер күн сайын мектеп аумағында, ойын алаңдарында және көшелерде еркін жүреді. Ата-аналар әкімдік тек қайғылы жағдай болғаннан кейін ғана қимылдай ма деп қорқады.
Кейбір тұрғындар қаңғыбас иттерді уақытша ұстап, әкімдік ауласына қамап қоюды немесе арнайы орынға жеткізуді ұсынуда.
