“Жағдайы өте ауыр”. Министрлік Астанада зардап шеккен фельдшерге байланысты мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 11 қар. 2025 14:21

Астанада басына кондиционер құлап, ауыр жарақат алған фельдшердің жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Иә, оның жағдайы өте ауыр, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Көмек толық көлемде көрсетіліп отыр. Негізгі жедел шаралар жасалды”, – деді Мұратов.

Вице-министр зардап шеккендерге Төтенше жағдай қызметтері келгенге дейін жедел көмек көрсетуге ат салысқан фельдшердің іс-әрекетін батырлық деп бағалады.

“Тағы бір науқастың да жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қалған үш науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, олар тиісті ем алып жатыр”, – деп хабарлады министрлік өкілі.

Еске салайық, 8 қараша күні Астананың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер орнатылған бөлігі құлап, бірнеше адамдар зардап шекті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар