"Қайрат" клубының иесі Боранбаевтың Ресейде 104 мейрамханасы бар

Қаракөз Амантай 13 қар. 2025 10:23

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев Ресейдегі “Вкусно – и точка” мейрамханасының 104 желісіне иелік етеді. Бұл туралы ол Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Боранбаевтың сөзінше, 2025 жылы желі аясында тағы 16 жаңа мейрамхана ашу жоспарланып отыр.

"McDonald’s брендімен жұмыс істеген кездегі барлық инфрақұрылым, қызметкерлер және басқару стандарттары толық сақталған. Енді қайтадан белсенді дамуға дайынбыз", – деді ол.

Қайрат Боранбаев McDonald’s франчайзингі арқылы фастфуд нарығына кіріп, кейін Ресей мен Қазақстандағы ең ірі ойыншылардың біріне айналды. Кәсіпкердің айтуынша, желі толыққанды жұмыс режимін қалпына келтіріп, бұрынғы қызмет сапасын сақтап отыр.

"Кейінгі жылдары даму қарқыны баяулаған еді, бірақ енді қайта кеңеюді бастаймыз. 2025 жылы Ресейде 16 жаңа мейрамхана ашуды жоспарлап отырмыз", – деді Боранбаев.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев – елдің ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі. 2016 жылы ол Астанада алғашқы McDonald’s мейрамханасын ашып, Қазақстандағы халықаралық фастфуд дәуірін бастады. Кейін бренд елден кеткен соң, желі "I’m" деген жаңа атаумен қайта іске қосылды.

Сонымен қатар кәсіпкер "Қайрат" футбол клубының иесі және қазіргі заманғы "Целинный" мәдениет орталығының негізін қалаушы. Ол мәдени және спорттық жобаларға тұрақты түрде инвестиция салып келеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар