Биіктеген сайын қымбаттайды: Шымбұлақтағы баға көптің ренішін тудырды

Қаракөз Амантай 13 қар. 2025 10:14

Шымбұлақтағы ас мәзірінің бағасы көптің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Egovpress telegram арнасы жариялаған бейнежазбада демалуға барған арудың бірі бір стақан шайдың бағасы айтарлықтай қымбат екенін айтып, өз шағымын жеткізді.

“Шымбұлақта бір қызық тенденция бар. Неғұрлым жоғары көтерілсең, соғұрлым тамақ қымбаттай береді. Біз қатты тоңып қалдық, сондықтан шай ішейік дедік. Әдетте шай ішпеймін, бірақ мынадай кішкентай стақан шайға 5 мың теңге төледім”, – дейді ол.

Бейнежазба көпшіліктің қызу талқысына түсті. Көп қолданушы тау-шаңғы кешеніндегі бағаның тым жоғары екенін айтып, әлеуметтік желілерде пікір қалдырды.

Ал Egovpress арнасы бұл жағдайға байланысты былай деп мәлімдеді.

“Халыққа арналған Шымбұлақ курортының иелері — олигархтар Сержан Жұмаш пен Владимир Сарыбеков шағын стақан шайдың неге 5000 теңге тұратынын көпшілікке түсіндірер деп үміттенеміз”, – делінген дереккөз таратқан хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар