Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы бар болғаны 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бала 30 тамызда, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген.
"Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болды, сондықтан дәрігерлер ұзақ әрі күрделі күтім үдерісін бастады", - дейді Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
40 күн бойы сәби өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосылған, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда болған, соңғы 10 күн өздігінен дем алып жатыр.
Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр.
"Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс - дәрігерлердің ортақ еңбегі, сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл біз үшін жай ғана медициналық жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес", - деді Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығы директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбас.
