Астанада төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын өткізді

Астанада төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын өткізді
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымының басталуына байланысты Нұра ауданындағы Үркер шағын ауданында түсіндіру іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында елордада тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық өрттердің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Іс-шара барысында құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, үйлерге улы газ бен түтінді анықтайтын датчиктер орнатты. Сонымен қатар мамандар пеш мұржаларын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Нұра ауданындағы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Нұрмаханбет Диастың айтуынша, жыл басынан бері Үркер шағын ауданында 100-ден астам көміртегі тотығы мен түтін датчигі орнатылған.

Мамандар тұрғындарды жылыту құралдарын дұрыс пайдалануға, мұржаларды уақытылы тазалауға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мұндай профилактикалық шаралар өрт пен көміртегі тотығынан улану қаупін азайтып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.