Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды dalanews.kz.
ҰҚК іс тергеліп жатқанын растағанымен, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайтынын мәлімдеген.
Бұған дейін Кozachkov offside Telegram арнасы Әлия Мақаеваны ҰҚК қызметкерлері мен Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарын тексеру аясында ұстағанын хабарлаған еді.
Арна мәліметінше, ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты және заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Алдын ала ақпарат бойынша күдіктілер шетел азаматтарына тұруға ықтиярхатты заңсыз рәсімдеген болуы мүмкін.